Теннисші Анна Данилина Бейжің турнирін сәтті бастады

Бүгін, 15:31 / Нұрлан Әлинұр
Фото: ҚТФ

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 13-ракеткасы Анна Данилина Бейжің (Қытай) WTA 1000 турнирінің екінші айналымына шықты.

Қазақстандық теннисші сербиялық Александра Круничпен бірге алғашқы айналымда Польша өкілі Магда Линетт – норвегиялық Клара Таусонмен сынға түсті.

Бірінші партияда 6:4 есебі тіркелсе, Данилина – Крунич екінші сетте де қарқынын төмендеткен жоқ – 6:2. 

Бір сағат 12 минутқа созылған бәсекеде қазақстандық-сербиялық дуэт 3 эйспен бірге 12 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Линетт – Таусон 1 эйспен шектелді. 

Анна Данилина – Александра Крунич ширек финалға шығу үшін америкалық Николь Меликар-Мартинес – ресейлік Людмила Самсоновамен таласады.