Сауда және интеграция министрлігі республика бойынша "Береке fest" акциясының басталғанын хабарлады.
"Бұл - азық-түлік бағасын тұрақтандыруға арналған кешенді шаралардың бірі. Науқан аясында 80-ге жуық ірі сауда орындарында арнайы промо-аймақтар ұйымдастырылып, отандық өндірушілердің өнімдері арзан бағамен сатылып жатыр. Акцияға қатысатьн дүкендерде "Береке Fest" деген жазу ілінген, сондықтан жеңілдіктерді табу оңай", - дейді министрлік мамандары.
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев өзі дүкендерді аралап шықты.