"1001 түн" бағдарламасында ақын Қымбат Әбілдәқызы мен әнші Қарақат Әбілдина қонақта болды, деп хабарлайды turkystan.kz "Қазақстан" телеарнасына сілтеме жасап.
Қарақат Әбілдина әпкесі өмірде де, өнерде де үлгі болғанын жасырмады.
"Қымбат апайым қатал болды. Бұрын бұл қаталдығын ұнатпайтынмын, оны жек көретін едім, бірақ қазір бәріне алғыс айтамын. Апайымның тәрбиесінің арқасында құндылығым мен ұстанымым қалыптасты. Өнердегі алғашқы қадамымда да продюсер болып, сұхбат беруге, ән айтуға, сахнада өнер көрсетуге жол ашты. Әрдайым демеп, қолдап отырғанын ешқашан ұмытпаймын", - деді Қарақат Әбілдина.
Айта кетері, әнші әрі продюсер Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина бес бала тәрбиелеп отыр. Жұлдызды жұп өнерде де, өмірде де бір-бірінің бағын жандырып, елдің сүйікті дуэтіне айналған.