Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 09:03 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Бүгін, 27 қыркүйекте еліміздің бес қаласында – Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Атырау және Алматыда қолайсыз метеожағдай болжанып отыр, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Мамандардың айтуынша, бұл қалаларда атмосферада ластаушы заттардың жиналуына қолайлы жағдай қалыптасады. Республиканың өзге өңірлерінде ауа райы салыстырмалы түрде қолайлы болмақ.

Ластану деңгейіне әсер ететін негізгі факторлар – желдің бағыты мен жылдамдығы, жауын-шашын, ылғалдылық пен ауа температурасы. Синоптиктердің болжамына сәйкес, жұма күні елдің көп бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.