Алматыда тау бөктері отқа оранды

Бүгін, 23:00 / Өтей Торғайұлы
Көрнекі сурет: zakon.kz

Алматыдағы Ерменсай шағынауданында таудың бөктерінде қураған шөп өртенді. Өрт 26 қыркүйек, жұма күні кешке тұтанған, деп хабарлайды turkystan.kz.

ТЖМ мәліметінше, қураған шөпті сөндіруді қатты жел, оттың тез таралуы, жер бедерінің күрделілігі және түнгі уақыт қиындатқан.

«Қабылданған шаралардың арқасында таудағы қураған шөптің жануы қысқа уақыт ішінде сөндірілді. Өрттің алдын ала аумағы – 2 гектар», — деп хабарлады министрлік.

Алдын ала ақпарат бойынша, төтенше жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт сөндірушілер оттың Ерменсайдағы тұрғын үйлерге жетуіне жол бермеді. Өрттің себебі кейін анықталады.
 

Тэгтер:

Алматы тау бөктері