Қазақстандық футзалшылар бірінен соң бірі ұлттық құрамадан кетіп жатыр

Бүгін, 22:48 / Өтей Торғайұлы

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары Шыңғыс Есенаманов, Дуглас және Лео жанкүйерлерімен қоштасты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Prosports.kz порталы жазды.

Есенаманов құрамадағы мансабын 2009 жылы бастаған еді. Содан бері 118 ойынға қатысып, 35 гол соқты.

Дуглас 2015 жылы алғашқы матчын өткізген. Осы аралықта 91 ойынға шығып, 65 рет қарсылас қақпасының торын тулатты.

Ал Лео 2014 жылдан бері Қазақстан намысын қорғады. Жалпы 66 ойында 30 голдың авторы атанған.

Игита егер Кака шақырса, құрамада әлі ойнауға дайын екенін мәлімдеген еді. 

Ал Қайрат Оразбековтің айтуынша, 2022 жылдан бері «Қайратта» ойнап келе жатқан Кайо Руис Қазақстан құрамасына шақырту алуы бек мүмкін.

Тэгтер:

Қазақстан Футзал Дуглас