Танымал желі жұлдызы Ерке Есмахан ортаншы ұлымен түскен суреттерін жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әнші жақында ұлының екі жасқа толатын айтты.
"Бақытты баалық шақ! "Біреудің баласы тез өседі” деген сөз бар еді ғой. Біреудің емес, өз Төтенәйымыздың қалай өсіп кеткенін байқамай қалыппыз. Алла бұйыртса, 2 айдан соң 2 жасқа толатын жұлдыз жігіт", - деді Ерке Есмахан.
Өнер иесінің бұл суретіне көпшілік ыстық ықыласын білдірді.
"Қызыңыз болса, алақанда аялап, гүлдей құлпыртып жүресіз-ау, балаға жақсы ерекше ілтипат бар сізде, дәл өзіңіздей нәзік қыз берсін Жаратқан", "Ат жалын тартар азамат болсын", "Үміттеріңді ақтайтын ер азамат болсын,әкесі сияқты қыз баласын сыйлайтын жігіттерден болып өссін", - деді желі қолданушылары.