Ресейлік режиссер және тележүргізуші Тигран Кеосаян қайтыс болды. Бұл туралы әлеуметтік желіде оның жұбайы Маргарита Симоньян мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Бүгін түнде Тигран Жаратушыға қайтты. Оған дұға еткендердің бәріне алғыс айтамын. Өтінемін, қазір маған да, отбасыма да қоңырау шалмаңыздар. Барлығыңызға рақмет», – деп жазды Симоньян.
Кеосаян 59 жаста өмірден өтті. 2025 жылдың қаңтарында Симоньянның айтуынша, ол уақытша клиникалық өлімді бастан кешіріп, комаға түскен.
Айта кетейік, Тигран Кеосаян – RT телеарнасының, «Россия сегодня» халықаралық ақпарат агенттігінің және Sputnik ақпарат агенттігінің бас редакторы Маргарита Симоньянның күйеуі.