Павлодарда үш жасар бала пәтерде қамалып қалған

Бүгін, 12:49 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Павлодарда 3 жасар бала бесінші қабаттағы пәтерде қамалып қалған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Қамзин көшесінде болды.

«2022 жылы туған бала анасын сыртта қалдырып, пәтерге қамалып қалды. Құтқарушылар тез арада көмекке келді. Олар альпинистік жабдықтың көмегімен бесінші қабаттың балконынан төртінші қабатқа түсіп, арнайы жабдықпен балконның есігін ашты. Бала анасына аман-есен берілді», – деп хабарлады мамандар.

Құтқару операциясы полиция қызметкерлері мен ен ананың бақылауында болды. Төтеншеліктер кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауды еске салады.

Тэгтер:

Павлодар