Өскеменде мотоцикл мен автокөлік соқтығысып, бір адам зардап шекті

26 қыркүйек, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Өскеменде Hyundai автокөлігі мен «Урал» мотоциклі соқтығысты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, автокөлік жүргізушісі солға бұрылған кезде қарама-қарсы бағытта келе жатқан мотоциклшіге жол бермей, соқтығысқан.

Полиция департаментінің мәліметінше, мотоцикл жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.

Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.

Тэгтер:

Жол апаты Автокөлік Өскемен мотоцикл