Астананың сол жағалауында жүрген сиыр желідегілерді таңғалдырды (ВИДЕО)

Бүгін, 22:04 / Өтей Торғайұлы
коллаж: turkystan.kz

Астаналық тұрғын Есілдің сол жағалауында серуендеп жүрген сиырды видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Видеодан иесі белгісіз адасып жүрген сиырға кеңсе қызметкерлерінің таңданыспен қарап жатқанын көруге болады.

«Әдеттегідей Астананың сол жағалаудың дәл ортасында өзің отырсың, жұмыс істеп. Ешкімге тиіспейсің, ал терезеден саған “Муууу”», — деп жазды бейне авторы.

Желі қолданушылары видеоға қызу пікір білдіріп, сиырдың қалай адасып кеткені туралы болжамдарын жаза бастады.

«Оо тегін ет», «Әкімдікке шағым айтуға келген екен», «Байғұс, адасып кеткен ғой», «Сиыр көрмедіңіздер ме», - деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.

Тэгтер:

Астана ет кеңсе сиыр сол жағалау