Джеки Чанның Қазақстанға не үшін келгені белгілі болды

Бүгін, 21:04 / Өтей Торғайұлы
коллаж: turkystan.kz

Әлеуметтік желіде әлемге әйгілі актер Джеки Чанның Алматыда жүрген видеосы тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Осыдан кейін белгілі актер, бірнеше веб сериалдың басты рөлдегі кейіпкері Рүстем Омаров Джеки Чанмен түскен суретін жүктеді.

"Жақында бәрін білетін боласыздар. Актердың Реалдың ойынына дым қатысы жоқ", - деді ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Желі қолдануышылары тарихи суретке түрлі пікірлер білдірді. Көпшілігі жақында жарық көретін кезекті фильмнің түсірілімі деп топшылады.

"Қазақстанда биыл нағыз Прайм Эра. Тек Бейонсе жетпей тұр", "Джекиді қайдан көрсек болады, автограф алып дегендей", "Кезекті "Патрульдің" түсірілімі ме?", "Керемет, жарайсың, міне нағыз дәреже", - деді желі қолданушылары.

Тэгтер:

кино Рүстем Омаров Джеки Чан