"Ұрып, есінен тандырған": Tesla қызметкері роботты сотқа берді

25 қыркүйек, 2025 / Ербұлан Қайрат
сурет: independent.co.uk

АҚШ-тағы Tesla зауытында төтенше жағдай болды. Зауыт жұмысшысы компаниядан 51 миллион доллар өтемақы талап етіп отыр. Оның айтуынша, өндірісте қолданылатын жасанды интеллект негізіндегі робот кенеттен істен шығып, өзінің алып қолымен оны жерге құлатып, есінен тандырған, деп хабарлайды turkystan.kz independent.co.uk-ға сілтеме жасап.

Жарақат салдарынан ер адам бір миллион доллардан астам қаражатын емге жұмсағанын айтады. Бір қызығы Tesla әзірге зауыттағы бейнебақылау камераларының жазбасын жарияламай отыр.

Зардап шегушінің адвокаттары бұл әрекетті компания тарапынан ақпаратты жасырын ұстау деп бағалап, істі сотқа жеткізуге дайын екенін мәлімдеді.

Тэгтер:

Сот Соққы робот TESLA ұру