Астана мен Алматыда жел күшейеді

Бүгін, 17:50 / Алуа Арман
istockphoto.com

«Қазгидромет» баспасөз қызметі 2025 жылдың 26 қыркүйегі, жұма күніне арналған Астана мен Алматы қалаларының ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Астанада ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Желдің жылдамдығы 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +26…+28°C.

Алматыда да ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 3–8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +24…+26°C.

Тэгтер:

ауа райы Қазгидромет жел