3-ақ минутта сары қағаз алды: «Тобылдан» еуропалық клубқа ауысқан 19 жастағы қазақстандық дебют жасады

25 қыркүйек, 2025 / Дана Ізтілеуова
«АС Тренчин»

Осы қыркүйекте қостанайлық «Тобыл» жастар командасынан Словакияның «АС Тренчин» клубына ауысқан жартылай қорғаушы Шахмұрза Адырбеков кеше дебюттік ойынны өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Словакияның екі дүркін чемпионы саналатын «АС Тренчин» Ұлттық кубоктің үшінші кезеңінде «Дубница» командасына қарсы ойнады. Есеп 2:1 есебімен «АС Тренчин» пайдасына шешілді.

Кездесу басында қосалқы құрамда отырған 19 жастағы қазақстандық футболшы Шахмұрза Адырбеков 46-минутта алаңға шығып, 49-минутта сары қағаз алды.

Тэгтер:

Тобыл Еуропалық клуб Шахмұрза Адырбеков «АС Тренчин»