Алматы маңында тағы да асфальт опырылып, жүк көлігі батып кеткен (ВИДЕО)

25 қыркүйек, 2025 / Інжу Әлихан
скриншот

Әлеуметтік желіде асфальттың шөгуінен жүк көлігінің құлап кеткен видеосы тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға Алматы облысы Іле ауданындағы Боралдай ауылына қарасты «Водник-3» шағын ауданында болған.

Бірнеше тонналық жүк көлігінің салмағынан асфальт шыдамай, көліктің бір бөлігі жерге батып кеткенін көруге болады. Қазір апаттың себебі анықталып жатыр.

Тэгтер:

Алматы асфальт