Астанадағы «Шапағат» және «Әлем» базарларының маңында өрт шықты (ВИДЕО)

Бүгін, 14:38 / Інжу Әлихан
ТЖМ

Астанада «Шапағат» және «Әлем» базарларының маңында орналасқан қойма ғимаратында өрт шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қалалық ТЖД хабарлауынша, қойма ғимаратының шатыры өртенген.

«Елордалық өрт сөндірушілер Байқоңыр ауданы, Толстой көшесінде орналасқан қойманың шатырын сөндірді. Оқиға орнында құтқарушылар күшейтілген тәртіпте жұмыс істеді», – делінген ресми мәлімдемеде.

Өрт 280 шаршы метр аумақт алған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Белгілі болғандай, оқиға орнында шамамен 50 қызметкер мен 14 техника жұмылдырылған.