Ақтауда шизофрениямен ауыратын ер адам жоғалып кетті

Бүгін, 12:54 / Інжу Әлихан
lada.kz

Ақтау маңындағы Басқұдық ауылында «шизофрения» диагнозымен есепте тұрған 51 жастағы Арыстан Есіркепов жоғалып кетті, деп хабарлайды turkystan.kz cfqns Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Қазір ер адамды іздестіру жұмысы жүргізіліп жатыр. Жоғалып кеткен азаматтың туыстарының айтуынша, 24 қыркүйек күні сағат 08:00 шамасында үйінен өз бетінше шығып кеткен. Содан бері оны ешкім көрген жоқ. Ол Қайнар көшесінде орналасқан үйде тұрады.

Ерекше белгілері: ешкіммен сөйлеспейді, кенеттен күліп жібереді.

Болжам бойынша, резеңке тәпішке, спорттық шалбар және көк түсті футболка киген. Киімі туралы нақты мәлімет жоқ.

Туыстары полицияға жүгінді. Оның туыстары көргендер болса, мына телефон нөмірлеріне хабарлауды өтінеді: +7 (708) 104-90-63, +7 (701) 413-15-89 немесе 102.

Тэгтер:

Ақтау шизофрения