Қазақстан спортшылары құзға өрмелеуден әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне өте алмады

Бүгін, 12:42 / Алуа Арман
olympic.kz

Сеулде (Оңтүстік Корея) спорттық құзға өрмелеуден әлем чемпионаты аясында әйелдер арасында «жылдамдық» бағдарламасы өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл сайыста Қазақстан құрамасынан үш спортшы сынға түсті.

Тамара Ұлжабаева 19-орынға табан тіреді. Аделия Утешева 32-ші, Анна Баларшина 34-ші нәтиже көрсетті. Өкінішке қарай, іріктеу кезеңінен өте алмады.

Әлем және Еуропа рекордын жаңартқан польшалық Александра Мирослав жеңімпаз атанды. Екінші орынды қытайлық Лицзюань Дэн иеленсе, қола жүлде Яфэй Чжоуға (Қытай) бұйырды.

Тэгтер:

әлем чемпионаты Қазақстан құрамасы спортшы іріктеу кезеңі құзға өрмелеу плейй офф плей офф