Ақтөбе тұрғыны Тиктоктағы алаяқтарға 2 млн теңгесін аударып жіберген

Бүгін, 12:20 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында ер адам интернет-алаяқтардың құрбаны болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол Telegram мессенджеріндегі жарнамаға сеніп қалған: онда TikTok-тағы видеоларды қарап, лайк басып, скриншот жіберу арқылы әр тапсырмаға 300-ден 800 теңгеге дейін табыс табуға болады деп уәде етілген.

Жәбірленуші upjue.com сайтында тіркеліп, онда оған тапсырмалар беріліп, фильмдер сатып алуды ұсынған. Алаяқтар салынған қаржы 30%-ға дейін пайда әкеледі деп сендірген.

«Әкімшінің» нұсқауына сай ер адам көрсетілген шоттарға ақша аудара бастаған. Нәтижесінде ол 2 миллион теңгеден астам қаржысынан айырылды.

Аталған факті бойынша тергеу басталды.

Тэгтер:

Алаяқ Ақтөбе тикток