АЭС-ке үздік атау беру конкурсы басталды

Бүгін, 12:14 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Қазақстанда алғашқы атом электр станциясына үздік атау беру бойынша жалпыхалықтық конкурс басталды, деп хабарлайды turkystan.kz

Конкурсқа әрбір қазақстандық eGov Mobile арқылы қатыса алады.

Сауалнама eGov Mobile мобильді қосымшасында жүргізіледі. Басты парақшада «АЭС-ке атау ұсыныңыз» баннері орналастырылған, ал пайдаланушыларға конкурстың басталғаны туралы push-хабарлама жіберіледі.

Бастаманың мақсаты – болашақ станцияға тарихи, мәдени және ұлттық маңызын айқын көрсететін атау таңдау.

Қатысу үшін:

Ұсыныстарды қабылдау 2025 жылғы 10 қазандағы сағат 23:59-ға дейін жалғасады.

Конкурс қағидаларымен Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің ресми сайтында және ведомствоның әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында танысуға болады.

Ұйымдастырушылар барлық азаматтарды еліміздің энергетика саласының тарихына үлес қосып, Қазақстанның алғашқы АЭС-на атау ұсынуға шақырады.

Тэгтер:

АЭС