Жетісуда бастауыш партия ұйымдарының форумы өтуде

24 қыркүйек, 2025 / Дана Ізтілеуова

Талдықорғанда «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының ұйымдастыруымен бастауыш партия ұйымдарының екі күндік форумы өз жұмысын бастады. Ауқымды шараға өңірден бастауыш ұйым төрағалары мен белсенді мүшелері қатысуда, деп хабарлайды turkystan.kz.

Форумның басты мақсаты – тәжірибе алмасу, партияның аймақтық құрылымдарының жұмысын тиімді ұйымдастыру және жаңа деңгейге көтеру. Сонымен қатар, қатысушыларға оқыту тренингтері үздік тәжірибелер талқылануда.

Іс-шараны «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Арыстанға Арын оқыту семинарын өзі жүргізіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған басым бағыттарға ерекше назар аударды.

Айта кетейік, өңірде бүгінгі күні 9 аудандық партия филиал мен 145 бастауыш партия ұйымдары жұмыс атқаруда, 39 мыңнан астам мүшесі тіркелген.

Партияның басты басымдықтарының бірі – әлеуметтік жобаларды қолдау. Мысалы, «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы», «Ұлттық Мұра», «Ардагерлерді ардақтайық», «Халыққа көмек», «Жер аманаты», «Ауыл Аманаты», «Қарызсыз қоғам» сынды партиялық жобалары іске асуда.

Жетісу облыстық филиалының «Қамқор әке», «Кітапқұмар оқырман», «Ұлағатты ұстаз» және «Біздің назарда» жобалары жүзеге асуда. Бұл имидждік, ақпараттық бағытқа арналған өңірлік жобалар халықтың ықыласына бөлінуде.

Форум аясында бастауыш партия ұйымдарының жұмысын цифрландыру, жаңа идеялармен толықтыру және «AMANAT» партиясының саяси платформасын жаңғырту бойынша ұсыныстар талқыланды. Қатысушылар алдағы уақытта партия жұмысын заманауи форматта ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.