Ақмола облысында жол апатынан қыз бала қаза тауып, сегіз адам жараланды

Бүгін, 09:27 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қайғылы жағдай 23 қыркүйекте Атбасар ауданында болған. Жолда Volkswagen Golf пен Lada Granta маркалы автокөліктер соқтығысқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Жол апаты салдарынан Volkswagen Golf автокөлігінің кәмелетке толмаған жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Осы көліктің жүргізушісі мен төрт жолаушысы, сондай-ақ екінші көліктің жүргізушісі мен жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді», – деп хабарлады Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Полиция департаменті осындай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға қозғалыс жылдамдығын сақтаудың, әсіресе қозғалыс қарқыны жоғары учаскелерде, сондай-ақ көлік құралдарының техникалық жағдайын бақылаудың маңыздылығын еске салады.

Тэгтер:

Жол апаты Ақмола облысы Атбасар