Бастауыш сыныптарда Әліппе мен Ана тілі негізгі пән болсын – депутат

24 қыркүйек, 2025 / Дана Ізтілеуова

Мәжіліс депутаты Қайрат Балабиев ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаевқа мектептегі білім жүйесіне қатысты сауал жолдады, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев білім саласына айрықша мән береді. 2019 жылы Президент ретінде алғашқы қабылдаған шешімдері де ұстаздардың мәртебесіне арналды.

Биылғы Тамыз Кеңесінде Мемлекет басшысы: «Қазір – білім мен ғылымның заманы. Жаһандану дәуірінде озық білімді игерген, жаңа технологияны меңгерген елдің ұпайы түгел болады. Бүгін саналы ұрпақ тәрбиелей алсақ, ертең заман көшінің басында жүреміз. Сондықтан осы саланы қолдау мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы болып қала береді» деп білім саласына байланысты ұстанымын нықтады. Жалпы, білім беру стандарттарына, оқыту әдістемесіне, оқулыққа енгізілетін кез келген өзгерісті өте мұқият саралау қажет екендігін де атап өтті. Себебі, білім саласында ешқандай қателікке жол беруге болмайды. Бір қателіктің салдары өте ауыр болуы мүмкін деп нақты міндет жүктегенін баршамыз білеміз", – дейді депутат.

Қайрат Балабиев соңғы жылдары білім, ғылым саласында ауқымды жұмыс атқарылғанын атап өтті. 2019 жылдан бері білім саласының бюджеті үш есе артты, 1 миллионнан астам оқушыға арналған 1200 мектеп ашылды.

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жалпы саны 217 мектеп құрылысы жоспарланды. Қазір 128 мектеп салынды. Бұдан бөлек, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаржысына алпыстан астам мектеп ашылды. Тағы 30-ға жуық мектептер салынып жатыр. «Педагог мәртебесі туралы» арнайы заң қабылданды. «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағы белгіленді. Бүгінде 74 мұғалім осы құрметті атаққа ие болды. Былтыр екі ұстазымыз «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды. Бұл – барша ұстаздар қауымына көрсетілген зор құрметтің белгісі", – дейді Қ.Балабиев.

Президенттің жүктеген осы міндеттері аясында «AMANAT» партиясының фракциясы бірнеше ұсыныс ұсынады:

Тэгтер:

Қайрат Балабиев Әліппе Ана тілі Негізі пән