«Шерзат Полаттың өртелген үйі»: Тергеу қашан қайта басталады?

24 қыркүйек, 2025 / Алуа Арман
Ғаламтор

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Талғарда қаза тапқан жасөспірім Шерзат Полаттың отбасының үйін өртеу фактісі бойынша істің қайта тергелуіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұған дейін Алматы облысының прокуратурасы Қаржаубай Нұрымовтың үйіндегі өрт фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу мерзімі құқықтық көмек көрсету жөніндегі іс жүргізу әрекеттеріне байланысты тоқтатылғанын хабарлаған болатын.

«Шын мәнінде, қазіргі уақытта жаңалық жоқ. Біз Ресей тарапынан халықаралық тергеу тапсырмасының орындалуын күтіп отырмыз. Оларды алған сәттен бастап тиісті шаралар қабылданып, тергеу қайта жүргізіледі», – деді Ғалымжан Қойгелдиев.

 

Тэгтер:

Талғар Өртеу Шерзат Полат Қаржаубай Нұрымов