Атырауда ойын алаңында мектеп оқушысын соққыға жығу дерегі бойынша полиция тергеу бастады, деп хабарлайды turkystan.kz.
– 21 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бала жеңіл дене жарақаттарын алған, оған психологиялық көмек көрсетілуде. Өзге мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейдідеп атап өтті Атырау облысы ПД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 24 қыркүйекте әлеуметтік желілерде белгісіз ер адам ойын алаңында ойнап жүрген балаларға жақындап, 9 жасар баланы ұрды деген ақпарат тарады.
Хабарламада оқиғаның «Алмагүл» шағын ауданында болғаны айтылды. Жарияланымдарға сәйкес, белгісіз жас жігіт еш себепсіз балаға шабуыл жасап, дене жарақатын келтіргеннен кейін оқиға орнынан қашып кеткен.