Алматыда марафонға байланысты бірнеше көше жабылады

Бүгін, 16:16 / Інжу Әлихан
Алматы әкімдігі

28 қыркүйекте оңтүстік астанада Almaty Marathon өтеді. Осыған байланысты кейбір көшелерде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды turkystan.kz.

Almaty Marathon ұйымдастыру комитетінің мәліметінше, 14-рет өткізіліп жатқан марафонға 60-тан астам елден 16 000 адам қатысады деп күтіліп отыр.

Осы орайда 28 қыркүйекте сағат 06:00-ден 12:30-ға дейін марафон қашықтықтары өтетін жолдарда көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Спортшылардың қашықтықты еңсеруіне қарай трассалар кезең-кезеңімен ашылып отырады.

Марафонның сөре және мәре сызығы Республика алаңында орналасады.

Осыған байланысты мына көшелерде көлік қозғалысы шектеледі:

Республика алаңына автокөлікпен жетуге ұсынылатын бағыт:

1. Сәтбаев көшесінің бойымен батысқа қарай Назарбаев көшесіне дейін;

2. Назарбаев даңғылы бойымен оңтүстікке қарай Сәтбаев көшесіне дейін;

3. әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағымен Нұрлы-Тауға дейін және Республика алаңына дейін жаяу жету;

4. Абай даңғылы бойымен батысқа қарай Желтоқсан көшесіне дейін;

5. Шевченко және Құрманғазы көшелері арқылы Желтоқсан көшесіне дейін;

6. Метро арқылы "Абай" станциясына дейін.