Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 542,8 теңгені құрап, 2,11 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ұлттық банктің ресми доллар бағамы 24 қыркүйекке 545,01 теңге болып белгіленді.
Kurs.kz сайтының дерегінше, қазір Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен – 542,38 теңге, сату – 544,36 теңге. Астанада долларды орташа есеппен 539,57 теңгеге сатып алып, 544,59 теңгеге сатып жатыр.
Еске салайық, 22 қыркүйектегі күндізгі сауда қорытындысында доллардың орташа бағамы 1,33 теңгеге, ал 23 қыркүйекте 2,08 теңгеге қымбаттаған еді.