Белгілі әнші Мейрамбек Беспаев пен жұбайы Мархабат қыздары Айзияның 1 жасқа толу әрі тұсаукесерін өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Олар жұлдызды әріптестерінің басын қосып, үлкен той жасаған.
«Аллаға шүкір тойымызды аман-есен өткізіп алдық. Барша құттықтап келген жандарға мың алғыс!», - деп жазды Мархабат.
Тұсау кесу рәсімі әнші Сәкен Майғазиевтің жары Динараға бұйырған. Сондай-ақ өнер иесі баланың тұсауын көк шөппен кескенін атап өтті.
«Айзия қызымыздың тұсауын көк шөппен кесу мәртебесі жүрегімнің ішіндегі жүрегім Динараға бұйырды. Көгеріп, көктеп, тамыры тереңге тартылып, мәуелі бәйтеректей жайқала берсін!», – деп жазды Сәкен Майғазиев.