Заңғар Нұртас пен келіншегі жақсы жаңалықтарын жария етті

Бүгін, 14:41 / Алуа Арман
Әлеуметтік желі

Әйгілі әнші Қайрат Нұртастың кенже інісі Заңғар мен келіншегі Индира жақында кішкентайлы болмақ, деп хабарлайды turkystan.kz.

Instagram-да жарияланған бейнежазбада ерлі-зайыптылардың көздері байланған күйде алақандарын бояуға малып, бір-біріне тигізгені көрінеді. Бейне соңына дейін ақ-қара түсте болып, оқырмандар үшін құпия сақталды.

Тек жұбайлар көздерін ашқан сәтте экранда көк түс пайда болып, олардың ұл күтіп жүргені белгілі болды. Сол мезетте Заңғардың қуанышын жасыра алмағаны аңғарылды.Жазылушылар жас отбасын құттықтап, Қазақстанда тағы бір батыр дүниеге келетініне қуанды.

«Біздің кішкентай бақытымыз! Біз сені өте қатты жақсы көреміз және асыға күтудеміз», - деп жазылған видеода.

Тэгтер:

Қайрат Нұртас Заңғар Нұртас