Павлодар облысында іздеуде жүрген күдіктілер ұсталды

Бүгін, 12:06 / Алуа Арман
istockphoto.com

Павлодар облысында із-түзсіз жоғалғандар мен қылмыстық жауапкершіліктен бой тасалаған азаматтарды іздестіру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

– Полиция қызметінің тиімділігінде қызметкерлердің мұқияттылығы мен қырағылығы шешуші рөл атқарады. Ұзақ уақыт бойы ақпарат жинап, әр нұсқаны мұқият тексерудің нәтижесінде қылмыскер жасаған ісі үшін бәрібір жауап береді, – деп атап өтті Павлодар облысы полиция департаментінің өкілдері.

Мәселен, жедел уәкілдер Павлодар қаласындағы Майра көшесіндегі үйдің ауласында 2024 жылдың қазан айынан бері тергеуден жасырынған ер адамды қолға түсірді. Ол облыс аумағында бұзақылық жасағаны үшін іздеуде болған. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды.

Айта кетейік, жыл басынан бері түрлі қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 77 адамның тұрған жерін полиция анықтап, оларды жауапқа тартты.

Тэгтер:

күдікті іздеу Павлодар облысы