Таразда 14 жастағы қыз бала өз-өзіне қол салған

Бүгін, 11:37 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қызды үйінде анасы тауып алған. Оқиға орнына келген жедел жәрдем оның өмірін құтқара алмады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қайғылы жағдай 23 қыркүйек күні күндіз болған. Анасы біраз уақытқа үйден шығып кеткен кезде, 9-сынып оқушысы (№26 орта мектеп) сарайда асылып қалған. Дәрігерлер қыздың қайтыс болғанын растады.

Жасөспірімнің мұндай қадамға неліктен барғаны белгісіз.

Қазір полиция тиісті тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Аталған факт бойынша ҚК 105-бабы 3-бөлігі («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Марқұм болған қыз соңғы екі айда өңірде көз жұмған жетінші бала болып отыр.

– Бұл жағдайға байланысты облыстық психологиялық қолдау орталығының жұмыс тобы құрылып, отбасына қажетті психологиялық көмек көрсетілді. Айта кету керек, жасөспірім ешқандай есепте тұрмаған, үлгерімі жақсы болған, мінезі тыныш, айналасымен жақсы қарым-қатынаста жүрген. Тәртіп бұзушылық фактілері тіркелмеген, – делінген облыстық білім басқармасының хабарламасында.

Тэгтер:

Жасөспірім суицид Тараз