«Актриса болғанын қалаймын»: Қайрат Нұртас қызы туралы айтты

Бүгін, 11:19 / Інжу Әлихан

Танымал әнші Қайрат Нұртас қызы Алау туралы пікір білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесінің айтуынша, Алау өзіне ұқсаған өнерге жақын адам екен.

«Алау өзіме ұқсаған. Ол – жаратын қыз. Өнерге тартып жатырмыз. Негізі қызымды шетелден көргім келеді. Бірақ оған Қазақстан ғана ұнайды. Ешқайда барғысы келмейді. Мен қызымның таңдауына қарсы емеспін. Негізі актриса болғанын қалаймын», – деді әнші.

Желі қолданушылары әкесінің қолдауына риза болып, жылы лебіздерін жазды.

«Қылықтары, биге иекемі Қайратқа ұқсайды», «Күшті актриса шығады Алаудан», «Әкесінің қолдауы керемет», «Жұлдыздың көшірмесі», - деп жазды олар.

Тэгтер:

әнші Қайрат Нұртас қызы Алау