Жетісуда әскери қызметкер атылған оқтан көз жұмды

Бүгін, 10:59 / Алуа Арман
istockphoto.com

«Жетісу» оқу-жауынгерлік полигонында мерзімді әскери қызмет атқарушы сарбаз қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қайғылы оқиға 23 қыркүйекте болған. Әскери дайындық сабағы барысында қарумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларының бұзылуына байланысты Жетісу гарнизоны Десанттық-шабуылдау әскерінің мерзімді әскери қызметшісі өміріне қауіп төндіретін оқ жарақатын алған.

ҚР Қарулы Күштерінің Десанттық-шабуылдау әскерлері баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

«Егер лауазымды тұлғалардың тарапынан немқұрайлылық пен бақылаусыздық фактілері анықталса, кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылады. Оқиға ҚР қорғаныс министрінің ерекше бақылауына алынды. Қарулы Күштердің басшылығы әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі», – делінген хабарламада.

Тэгтер:

Жетісу әскери қызметкер сарбаз