Павлодарда 33 жастағы дәнекерлеуші көз жұмды

Бүгін, 09:49 / Алуа Арман
istockphoto.com

Павлодардағы жылу-электр орталығында қайғылы оқиға болып, 33 жастағы жігіт қаза тапты. Қазір осы жағдайға байланысты тексеріс басталған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше ЖЭО-2-ге шақырту 23 қыркүйек күні түстен кейін сағат 3-ке таман түскен. Бригада 9 минут ішінде оқиға орнына жеткенімен, зардап шеккен адам дәрігерлер келгенге дейін көз жұмған.

Еңбек инспекторлары да жұмысшының қаза тапқанын растады, олар жағдайдың мән-жайы тексеріс барысында анықталатынын атап өтті.

— «Павлодарэнерго» АҚ ЖЭО-2 нысанында ВЗП кубтарын шығару жұмыстары кезінде мердігер ұйым қызметкерлерімен бірге қайғылы оқиға болды. Нәтижесінде 1992 жылы туған 4-разрядты дәнекерлеуші алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты», — деп хабарлады Павлодар облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті.

Тэгтер:

Жедел жәрдем дәнекерлеуші