Алматыда балалар отырған көлік аялдамаға соғылды, деп хабарлайды turkystan.kz сайты КТК арнасына сілтеме жасап.
Автобус күтіп тұрған жолаушы қашып үлгерген. Ал рөлдегі жас қыз бен қасында отырған 10 және 14 жастағы екі бала ауруханаға жеткізілді.
Lexus пен Toyota автокөліктері солтүстік бағытта келе жатып соғылған. Куәгерлердің айтуынша, бір мезетте екеуі де жолағын ауыстырмақ болған. Сол кезде Toyota озып кету мақсатта жылдамдықты арттырып, жол апатын тудырған. Қатты соққыдан Lexus-тегі қыз рөлге ие бола алмай, аялдамаға кіріп кетіп, ағаштарға ұрылып барып тоқтаған.