«Путинмен Қазақстанда кездесе аламыз»: Зеленский маңызды мәлімдеме жасады

Бүгін, 08:08 / Нұрлан Әлинұр
ФОТО: Getty images

Ресеймен келіссөздер қай жерде өтуі мүмкін екені жөнінде сөз қозғаған Украина президенті Владимир Зеленский келіссөздерді Қазақстанда өткізуге болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.

Украина басшысы Fox News арнасына көлемді сұхбат берді. Жүргізуші Зеленскийден оның Ресей президентімен кездесуі қаншалықты мүмкін екені туралы сұрағанда, Зеленский Владимир Путинмен келіссөз жүргізуге дайын отырғанын растады.

Бұл ретте ол кездесуді Мәскеуде өткізе алмайтынын, бірақ түрлі нұсқаларға дайын екенін атап өтті.

"Біз кездесуді өткізу үшін әр түрлі орындарды ұсындық – Түркия, Сауд Арабиясы, Қатар, Австрия немесе Швейцария сияқты бейтарап Еуропа, қаласаңыздар, мәселен, Қазақстанда кездесе аламыз", - деді Зеленский.