Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркте Монако Князьімен кездесу өткізді

23 қыркүйек, 2025 / Дана Ізтілеуова
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йорк қаласында Монако Князьі ІІ Альбермен кездесу өткізді.

Президент Қазақстан мен Монако арасындағы қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтудің мол әлеуеті бар екеніне тоқталды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Князь ІІ Альберді елімізге ресми сапармен келуге шақырды.

Сондай-ақ тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Тэгтер:

Қасым-Жомарт Тоқаев Монако Князьі