Президент Люксембург Премьер-министрімен келіссөз жүргізді

23 қыркүйек, 2025 / Дана Ізтілеуова
Ақорда

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясының алаңында Люксембург Премьер-министрі Люк Фриденмен кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Келіссөз барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең көлемді мәселелері талқыланды. 

Президент Қазақстан мен Люксембург ертеден достық және сындарлы қарым-қатынас орнатқанын атап өтті.

Сауда-инвестициялық ықпалдастықты дамытуға, сондай-ақ цифрландыру мен қаржы технологиялары салаларындағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға ерекше мән берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Люк Фриден осы мақсатта екі елдің бизнес қауымдастығы арасындағы байланыстарды жандандыруға уағдаласты.

Тэгтер:

Президент Люксембург Премьер-министрі