Танымал боксшы Назым Қызайбай оқырмандарының сұрағына жауап бергенде кәсіби боксқа ауысуға қарсы еместігін жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.
32 жастағы спортшыға оқырмандарының бірі «Кәсіби боксқа ауысатын ойыңыз бар ма?» деп сұрақ қойған.
«Жақсы ұсыныс болса, ағай мен басшылар рұқсат берсе, неге көрмеске?!», - деп жауап берген боксшы.
Айта кетейік, Назым Қызайбай күні кеше Ливерпульда өткен Әлем чемпионатында ширек финалға шығып, күміс еншілеген болатын.
Оған дейін 48 келі салмақта Әлем чемпионатында үш мәрте жеңімпаз атанған.