Алтын-Емел ұлттық паркінде 120 гектар жер өртенді

Бүгін, 17:08 / Алуа Арман
Орман шаруашылығы комитеті

21 қыркүйекте Алтын-Емел мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Іле орман шаруашылығына қарасты 41-ші бөлімнің 50-ші орамында өрт шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

23 қыркүйек күні сағат 09:16-да ұлттық парк мамандарының, облыстық ТЖД және “Қазавиақорманқорғау” РМКК-ның бірлескен әрекеттерінің арқасында шамамен 120 гектар ормансыз аумақты (қамыс пен бұталар) қамтыған өрт оқшауланды.

Өртті сөндіруге 98 адам және 32 техника жұмылдырылды. “Қазавиақорманқорғау” РМКК-ның бірінші класты әуе кемесі өрт аймағының үстінен 18 рет су төгіп, барлығы 54 тонна су шашылды.

Өрттің шығу себебі анықталуда. Елді мекендерге қауіп жоқ.

Ұлттық парк пен ТЖД қызметкерлері өртті толық жою үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр.

Тэгтер:

өрт Орман ұлттық парк Алтын Емел