30 қыркүйек күні Алматыда өтетін «Қайрат» пен «Реал» ойынына билет ресми түрде сатылымға шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Билеттерді Ticketon платформасында және Qairat SuperApp қосымшасында сатып ауға болады. Ticketon жүйесінде сатылым басталған сәтте виртуалды кезек қалыптасады.
Билет бағасы 30-250 мың теңге аралығында болады.
Стадион сызбасын және сервисті дұрыс көру үшін Qairat SuperApp қосымшасын App Store немесе Play Market арқылы соңғы нұсқасына жаңартуды ұсынамыз.
Сайт және Ticketon арқылы рәсімделген билет матч күні ғана электрондық поштаға жіберіледі. Qairat SuperApp мобильді қосымшасында жарамды QR-код ойын басталардан бірнеше сағат бұрын автоматты түрде жаңартылады. Скриншот пен үшінші көздерден алынған сурет жарамсыз болады.
Ойын Алматының орталық стадионында ұйымдастырылады. Қазір жанкүйерлерге арналған билеттер ресми сайттар мен кассаларда қолжетімді. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, билет бағасы орындарға қарай әртүрлі болады.