Доллар бағасы 548 теңгеге жетті

Бүгін, 15:52 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 545,01 теңгені құрап, 2,08 теңгеге өсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық банкінің 23 қыркүйектегі ресми доллар бағамы – 542,67 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі кезде Алматыдағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алу орташа есеппен 544,11 теңге, сату – 545,98 теңге деңгейінде. Астанада долларды сатып алу орташа есеппен 542,46 теңге, сату – 547,46 теңге болып тұр.

Еске сала кетейік, 15 қыркүйектегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,34 теңгеге өсті, 16 қыркүйекте 1,49 теңгеге төмендеді, 17 қыркүйекте 1,25 теңгеге көтерілді, 18 қыркүйекте 0,21 теңгеге өсті, 19 қыркүйекте 0,09 теңгеге төмендеді, ал 22 қыркүйекте 1,33 теңгеге қымбаттады.

Тэгтер:

Доллар Валюта биржа нарық қор