«Сахнадан сән кетті»: Нұрболат Абдуллин концерт беріп, сынға қалды

Бүгін, 09:34 / Інжу Әлихан

Әнші Нұрлан Абдуллин жеке шығармашылық концертінде шоу жасамақ болып, елдің сынына қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлеуметтік желіде Нұрлан Абдуллиннің Say Mo лақап атымен танымал Мөлдір Есембекпен бірге ән шырқап, сахнада билеген биі қызу талқыға түсті.

Желі қолданушыларының бірі «Қырықтан асқанымен, харизмасы тасып тұрған жиырма жастағы жігіттей!» деп таңдай қақса, енді бірі бұл әрекетін сынға алып «Абдуллин де заманға ілесемін деп бұзылайын деген бе?» деп жазды.

«Киелі сахнадан да сән кететін кез келіпті», «Бір отбасы бұзылды», «Сабырлы жігіт еді», «Джей Ло өзімізде де бар екен ғой», «Мәденет , сахананың сыйы мен киесі қайда?», «Осы еркекті алып тастандаршы», - деп жазды көпшлік.

Аталған кеш 21 қыркүйек күні Алматы Аренада өткен болатын.