Астаналықтар әуежайда әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиды қарсы алды

Бүгін, 09:11 / Алуа Арман
Спортты дамыту дирекциясы

22 қыркүйектен 23 қыркүйекке қараған түні Астана халықаралық әуежайында Хорватия астанасы Загреб қаласында өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында грек-рим күресінен ересектер арасындағы әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали мен Ұлттық құрама спортшылары, бапкерлері туған еліне оралды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Спортшыларды қарсы алушылардың қатарында ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, спорт жанкүйерлері, әскери оркестр болды.

Айта кетейік, 60 келіде бақ сынаған Айдос Сұлтанғали финалдық бәсекеде Өзбекстан балуанын бір минутта Әлішер Ганиевті таза жеңген еді.

Ол бұған дейін 2018 және 2022 жылдары қола жүлдені еншілеген болатын.

Ал грек-рим күресінен отандық спорттың тарихына үңілсек, Юрий Мельниченко (2 рет), Мхитар Манукян (2 рет), Бақтияр Байсейітов (1 рет) ғана жеңістің ең биік сатысына шыға алған.

Тэгтер:

әлем чемпионаты Айдос Сұлтанғали