Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 08:30 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

«Қазгидромет» РМК еліміздегі қалалардың ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. 

— 2025 жылғы 23 қыркүйекте қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Атырау, Ақтөбе, Ақтау, түнде Қарағанды, Теміртау қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.