Мемлекет басшысы ExxonMobil компаниясының басшысын қабылдады

23 қыркүйек, 2025 / Дана Ізтілеуова
Ақорда

Президент ExxonMobil корпорациясының басшысымен кездесу өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мемлекет басшысы ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсқа ілтипат білдіріп, Қазақстанның мұнай-газ саласындағы негізгі серіктестерінің біріне айналған коммерциялық ұйыммен ынтымақтастыққа жоғары баға берді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Даррен Вудс компанияның Теңіз және Қашаған кен орындарындағы перспективасы жөнінде пікір алмасты.

Тэгтер:

Президент