Екі елдің экономикалық ынтымақтастығын нығайту жаңа мүмкіндіктерге жол ашады – АҚШ Сауда министрі

22 қыркүйек, 2025 / Дана Ізтілеуова
Ақорда

АҚШ Сауда министрі Говард Латник Қазақстанмен сауда-экономикалық ықпалдастық перспективасы туралы айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

– Екі елдің экономикалық ынтымақтастығын нығайту өзара сауда байланыстарын дамытуда негізгі рөл атқарады және маңызды минералдарды игеру саласында жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Біз бұл бағытта бірлесіп инвестиция құя аламыз. Локомотив секторында Wabtec компаниясын таңдағандарыңызға қуаныштымыз. Бұл – екіжақты ықпалдастықтың негізі, – дейді Министр.

Тэгтер:

ынтымақтастық АҚШ Сауда министрі Говард Латник