Аграрлық университет жатақханасында бір студент көз жұмды
Аграрлық университет жатақханасында бір студент көз жұмды
Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің жатақханасында бірінші және екінші курстың шамамен 10 студенті түнгі уақытта төбелес шығарған - деп хабарлайды қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.
"Түнгі сағат бірде Қазақ ұлттық аграрлық университетінің жатақханасында бірінші және екінші курс студенттерінің арасында төбелес шыққан. Салдарынан бірінші курстың 1999 жылғы студенті қаза тапты. Пышақ жарақаты немесе басқа да көрінетін жарақаттар жоқ, дене жарақаты да анықталмады. Төбелес шығып, бір студент қаза тапты. Жедел жәрдем шақырған, олар студенттің қайтыс болғанын айтқан. Бұл дерек сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді", - деді Алматы қалалық прокуратураның баспасөз қызметіндегілер.
Прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 адам төбелескен. Зардап шеккендердің бірі кәмелет жасына толмаған. Төбелеске қатысқан барлық адам ұсталды. Қазір тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Білім және ғылым министрлігінің өкілдері университет жатақханасында болған төбелестен қаза тапқан студентке қатысты пікір білдірді.
ҚР БҒМ баспасөз қызметіндегілер бұл оқиғаның расында да Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университеттің жатақханасында болғанын растады.
"Білім және ғылым министрлігі болған оқиға жайлы біледі. Қазір мұнымен тергеу органдары айналысатын болады. Тергеу нәтижесі бойынша ресми жауап беріледі", - деді ҚР БҒМ баспасөз қызметіндегілер.
Ведомство мәліметінше, қаза тапқан студент - Тараз қаласының тумасы Дидар Болысбек. 17 жастағы студент Дидар Болысбектің әлеуметтік желілердегі парақшасында оған көңіл айтып жатыр. Ал "Вконтакте" желісіндегі парақшасында оның оқу орны Қазақ ұлттық аграрлық университеті, "Орман, жер ресурстары және жеміс- көкөніс шаруашылығы" факультеті екені көрсетілген.