18 жастағы қазақстандық спортшы 11 дүркін әлем чемпионын жеңді

Бүгін, 17:50 / Інжу Әлихан
instagram

Әлемдік спорт аренасында Қазақстанның тағы бір жұлдызы жарқырады. Армрестлингтен өтіп жатқан ересектер арасындағы Әлем чемпионатында 18 жастағы Ырысты Оразхан тарихи жеңіске қол жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ырысты Оразхан – Әлемге әйгілі «Шардара Армспорт» құрамасының 18 жастағы жасөспірім спортшысы. Финалдық бәсекеде ол швециялық 11 дүркін әлем чемпионы Фиа Рейсекті жеңіп, қазақ спортының тарихына алтын әріппен жазылатын жетістікке қол жеткізді. Көпшілік үшін фаворит саналған қарсыласын тізе бүктірген жас спортшы әлем жұртшылығын таңғалдырды.

Бұл жеңіс – Қазақстан армрестлингіндегі үлкен жетістік қана емес, жас спортшылар үшін де үлкен мотивация. Шардарадан шыққан Ырысты Оразханның табандылығы мен қайсарлығы қазақ жастарына үлгі боларлықтай.